Попечительский советінің хаттамалары №4 » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Попечительский советінің хаттамалары №4
22
февраль
2019

Попечительский советінің хаттамалары №4

Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектептің жанындағы қамқоршылық кеңес алдында  мектеп директоры мен полиция инспекторының есеп беру жин.алысының

 

Хаттама №4

 

Оразалы батыр ауылы                                                    24 желтоқсан 2018 ж.

 

Төрағалық еткен Бойдақова Қ.А. – қамқоршылық кеңес төрайымы

 

Қатысқандар: Попечительский совет мүшелері – 9 адам

                         Мектеп директоры Тасибеков Қ.К.

                         Полиция инспекторы Досумов Б.М.

 

Күн тәртібінде:

 

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдында есеп беруі.

<!-- [if !supportLists] --> 2.     <!-- [endif] --> Жасы кәмелетке толмағандар ісі жөнінде полиция инспекторының қамқоршылық кеңес алдында есебі.

<!-- [if !supportLists] --> 3.     <!-- [endif] --> Жағдайы төмен отбасындағы оқушылардың  үйірме жұмыстарына қатысуы туралы.

 

Тыңдалды:

 

<!-- [if !supportLists] --> 1.                <!-- [endif] --> Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Қ.К.Тасибеков  есеп берді. 2017 – 2018  оқу жылын 244 оқушымен бастап,

230 оқушымен аяқтадық. Білім сапасы 54%  - дан 70% - ға көтерілді.  Оқу жылының басында  әкімшілікпен бекітілген индикатордағы көрсеткіштер орындалды. 11 сынып бітірген Каналбек Ұлдана «Алтын белгі» иегері атанса, 9 сынып бітірген Тоқтыбай Ақгүл және Совет Мадина «Қызыл куәлік» иегері болды. 5 – 10  сыныптар арасындағы  облыстық тәуелсіз  зерделеуде мектеп оқушылары 54,4 %  білім сапасын көрсетті. Облыстық жарыстарда екі оқушы  айтыстан, 5 оқушы еркін күрестен жүлдегер  атанды. Өткен оқу жылында 10 мұғалім өз білімін жетілдіру курстарына, 1 мұғалім үштілділікті, яғни физика пәнінен ағылшын тілінде білім беру бойынша өздерінің білімдерін жетілдірсе, алдағы уақытта  қалған ұстаздар біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасын табатындығы туралы  айтты.

Бес  мұғалім жоғары санатқа бекітілді. Жергілікті бюджет есебінен  аз қамтылған 8 оқушы және 1 сынып оқушылары бір мезгіл  тегін ыстық тамақпен  қамтылғандығы туралы айтылды. Ол негізінен  мердігерлер тарапынан  ұйымдастырылған. Мектеп бітіргеніне 20 жыл толған  түлектер мектепке музыкалық аппарат  сыйға тартты. Мектептің акт залы, асханасы 1 миллион теңге көлемінде мемлекеттік бюджет есебінен ағымдағы жөндеуден өтті.

 «Мектепке жол», «Қамқорлық акциясы» кезінде ата – аналар комитетімен,  қамқоршылық кеңеспен бірлесе жұмыс атқардық. Мектепте оқитын аз қамтылған және жағдайы төмен оқушылар  оқулықпен, оқу құралдарымен, киім – кешекпен толық қамтамасыз етілді. Сөз соңында мектепте құрылған қамқоршы кеңес төрайымы мен мүшлеріне көрсеткен көмектерімен әріптестеріне рахметін жеткізді.

Екінші мәселе бойынша жасы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі аудандық  полиция инспекторы, аға лейтенант Б.М.Досумов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жұмыс уақытының 9:00 – ден  басталатынын айтты. Директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Ә.Б.Көшімбаевамен  бірлесе жұмыс жүргізе отырып білім алушылардың сабаққа кешікпей келуін, сабаққа толық қатысуын, тәртібін қадағалайтындығын айтты. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін атап көрсетті. Мектеп инспекторының  жұмысының мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігіне тоқталды.

Күн тәртібіндегі үшінші  мәселе бойынша  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Көшімбаева Ә.Б. сөз кезегін алды. Мектебіміздегі көп балалы, қамқоршылықтағы оқушылардың  сабақтан тыс уақытындағы  тәртібіне мектеп әкімшілігі, сынып  жеткшілер тарапынан қадағалап,  көңіл бөлініп тұрады.  Аз қамтылған отбасындағы және  қамқоршылықтағы

8 оқушының  4 – еуі денешынықтыру пәнінен «Еркін күрес» , 4 – еуі қазақ тілі пәнінен «Тіл мәдениеті» үйірмелеріне қатысады.  Мектебіміздің психологы бұл оқушылардан үнемі  сауалнамалар алып тұрады, тәртіптері жақсы.

 

«Попечительский совет» отырысының шешімі:

 

<!-- [if !supportLists] --> 1.    <!-- [endif] --> Мектеп директорының «Попечительский совет» алдындағы есебі  қанағаттанарлық деп табылып, назарға алынсын.

<!-- [if !supportLists] --> 2.    <!-- [endif] --> Аудандық жасы кәмелетке толмағандар ісі жөнінде полиция инспекторы, аға лейтенант Б.М.Досумовтың «Попечительский совет» алдында есебі қанағаттанарлық деп табылып, назарға алынсын.

<!-- [if !supportLists] --> 3.    <!-- [endif] --> Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және қамқорлықтағы оқушылардың сабақтан бос уақытындағы секция, үйірмелерге қатысуы туралы жұмысы дұрыс деп табылсын.

 

Кеңес төрайымы:                                    

 

Бойдақова Қ.

Кеңес мүшелері:

Ағыбаев Н.

 

Жумалиева Э.

Битабарова С.

 

Бөрібаева Л.

 

Бошқаев Ө.

 

Қазанатов К.

 

Итекеев Р.

 

Есеналиев Е.

 

 

Хатшы:

 

 

Батырбекова Д.Т.