Попечительский советінің хаттамалары » Ы.АлтынсаринСредняя школа имени
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Попечительский советінің хаттамалары
22
февраль
2019

Попечительский советінің хаттамалары

«Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектебі» отдела образования Шуского района жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
1 ХАТТАМАСЫ
 
Оразалы батыр ауылы 28 ақпан 2018 жыл
 
Қатысқандар:Қ. Бойдақова, Н. Ағыбаев. Ө. Бошқаев, К. Қазанатов. Р. Итекеев, Э. Жумалиева. С. Битабарова, Л. Бөрібаева, Е. Есеналиев және мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
 
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
 
1.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі» Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығымен танысу және ашық дауыс беру тәртібімен қамқоршылық кеңес төрайымын (төрағасын) және хатшысын сайлау туралы.
2.2017-2018 оқу жылының бірінші  жартыжылдығындағы мектеп
директорының атқарған жұмыстарының есебі туралы.
3.Ы.Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңестің жылдық (тоқсандық) жоспары жөнінде талқылау және бекіту туралы.
Тындалды:
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылғы 13 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын бекіту туралы» №109 бұйрығымен Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес құрамы бекітілгендігін және бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп директоры Қ.Тасибеков таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша мектептің ата–аналар төрайымы Қ. Бойдақова:
·                     <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес бүгінгі таңда аудандағы білім беру ұйымдары жанынан аудандық білім бөлімінің бұйрығымен қамқоршылық кеңестер құрылып, кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары аясында жұмыс жүргізуді қолға алуға міндеттіміз.
Алдымен өз арамыздан қамқоршылық кеңес төрағасын (төрайымын) және хатшысын ашық дауыс беру тәртібімен сайлап алу қажет.
Дауыс беруге қамқоршылық кеңес мүшелері Қ. Бойдақова, Н. Ағыбаев. Ө. Бошқаев, К. Қазанатов. Р. Итекеев, Э. Жумалиева. С. Битабарова, Л. Бөрібаева, Е. Есеналиев қатысып, басым дауыспен Бойдақова Қарлығаш Асылханқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес төрайымы болып, кеңес хатшысы Батырбекова Дәнегүл Турехановна сайланды.
Мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды. Сонымен қатар, қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Попечительский советтің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол
білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).Бошқаев Өтеген Бекежанович:
·         <!-- [endif] --> Мектеп жанынан қамқоршылық кеңес құру керек қаншама оқушы
балаларға көмекке зәру, оны өздері айтпаса да көріп, естіп жүрміз. Өз тарапымыздан демеушілер тартып, көпбалалы отбасының, аз қамтылған азаматтардың балаларына, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолымыздан келген көмегімізді көрсету міндеті жүктеледі.
Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Қ.К. Тасибеков ағымдағы оқу жылында мектептің әлеуметтік жағдайына қарай, отбасы жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсетілгендігін және басқа да атқарылған шаралар жөнінде есеп берді.
         Үшінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Қ. Бойдақова:
  • «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын
ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 3-тарауы яғни, «Попечительский советтің өкілеттігі» бойынша алдын-ала өз арамызда келісіліп, кеңестің жұмыс жоспарын бекітіп алу қажет?» деп, сөзін аяқтады.
Попечительский совет мүшелері жұмыс жоспары жөнінде талқылап, барлығы жұмыс жоспарының жобасымен келісті.
Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе төмендегідей
 
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес төрайымы болып көпшілік дауыспен Бойдақова  Қарлығаш Асылханқызы, кеңес хатшысы болып Батырбекова Дәнегүл Турехановна сайлансын.
2.Шу қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектеп директоры Тасибеков Қайрат Каналбекович ағымдағы оқу жылының бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстарының есебі қаңағаттанарлық деп есептелсін.
3.Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңестің жылдық жоспары бекітілсін.
 
 
Кеңес төрайымы:                     Қ.Бойдақова
Хатшы:                                      Д. Батырбекова
Кеңес мүшесі                             Н. Ағыбаев
Кеңес мүшесі                             Ө. Бошқаев
Кеңес мүшесі                             К. Қазанатов
Кеңес мүшесі                             Р. Итекеев
Кеңес мүшесі                             Э. Жумалиев
Кеңес мүшесі                             С. Битабарова
Кеңес мүшесі                             Л. Бөрібаева
Кеңес мүшесі                             Е. Есеналиев
 
Шешімі:
1. 2017-2018 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыс жоспары негізінде мектепте төмендегідей құрамда қамқоршылық кеңесі құрылсын
Попечительский советінің төрайымы- Бойдақова Қарлығаш Асылханқызы  жұмыссыз
 
Мүшелері:
Ағыбаев Нұрзат Даулетович – учаскелік инспектор
Бошқаев Өтеген Бекежанович – жеке кәсіпкер
Қазанатов Кентай Тоқтыбаевич – жеке кәсіпкер
Итекеев Рахат Қалқанбайұлы – жеке кәсіпкер
Жумалиева Элиза – сыныптардан ата-ана өкілі
Битабарова Салтанат – сыныптардан ата-ана өкілі
Бөрібаева Л – сыныптардан ата-ана өкілі
Есеналиев Е – атқарушы органның мүшесі
Попечительский советінің хатшысы: Батырбекова Дәнегүл Турехановна
 
2. «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің жұмыс жоспары бекітілсін
3. «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің міндеттері бөлінсін және атқарылсын