1 Сәуірден бастап 1тамызға дейін бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Сәуірден бастап 1тамызға дейін бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
27
июнь
2022

1 Сәуірден бастап 1тамызға дейін бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

1 СӘУІРДЕН БАСТАП 1 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Ата-аналар назарына
Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.
Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.
--