Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары №3 » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары №3
22
февраль
2019

Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары №3

«Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының

3 ХАТТАМАСЫ

 

Оразалы батыр ауылы                    28 тамыз 2018жыл

Барлығы қатысуға тиісі:13                                                          

Барлығы қатысқаны:13

Күн тәртібінде:

1.Сабақ кестесін бекіту:

2.Мектепішілік аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.

3. Мектепке жол акциясының қорытындысы

Тыңдалды:

 Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Ақай сөйледі сабақ кестесі білім стандартына сай оқу жоспарында барлық сағаттар қамтылған. Оқу жүктемелері жоспарға сәйкес қойылған. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күннің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма  күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма  күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Әрбір оқу күннің 2-3 сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді,

5-6 сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында басталып,4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады. Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдамп шаршатады, сондықтан оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша , қиын пәндер мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту мүмкіндігін тудырады. Жасалынған сабақ кестесін қамқоршылық кеңесінің төрайымы және мүшелері бір ауыздан қолдады.

Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшесі С. Битабарова жағдай төмен отбасынан 8 оқушыға педагогикалық-психологиялық карталары жасалынды. Мектеп оқушыларына әлеуметтік жағдайы бойынша отбасы картасы, мониторинг жасалынды. 244 оқушының 235-і ыстық тамақпен, оның ішінде 8-і тегін ыстық тамақпен қамтылды, олар аз қамтылған отбасынан шыққан – 8 оқушы, демеушілікпен 1-11 сыныптардан 227 оқушы. Ыстық тамақпен қамтылған 10 оқушы резерв тізіміне бекітілді. Мектептің әлеуметтік педагогы Батырбекова Д. ыстық тамақпен қамтылған жағдайы төмен отбасынан шыққан 8 оқушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы стандарттар бойынша құжаттарын реттеді. Мектеп асханасында «Денсаулық» бұрышы, диеталық стол ұйымдастырылған. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы нормативтік құжаттарын дайындалған. Мектеп асханасының тазалығы, іс-құжаттардың толтырылуы, күнделікті тамақтың сынамасы тамақтандырудың сапасына маниторинг жүргізу комисияның бақылауында болды. Асханада техникалық жабдықтарының, ыдыс-аяқтарының маркировкалары жасалынды. Ақпан айынан 1-сыныптағы 19 оқушы тегін ыстық тамақпен бюджет есебінен қамтылған. Мектеп медбикесі Бишалова Ш. Медицина, асхана қызметкерлерінің, медициналық тексеруден үнемі өтуін бақылады, дайын өнімнің тәулік сынамасын алуды жүзеге асырады және бракераж журналдарын реттеді. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы ай сайын білім бөліміне есеп берілді. Іс-шаралар жоспарға сай толық орындалған.

Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшесі Л.Бөрібаева 2018-2019 оқужылының 01.08-30.09 аралығында республикалық «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен «Мектепке жол» акциясының штаб құрамы және жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Мектептің 11 мұғалімі 6 рейд өткізіп, 176 үйді аралады.Жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету үшін демеушілер тартылды. Мектепте акция туралы стенд жасалынып, үндеулер, логотиптер ілінді. «Мектепке жол» акция бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат белгіленген кесте бойынша «Шу өңірі» газетіне жарияланды. Әбікеев Н. музыка пәнінінің мұғалімі «Жан шуағы» жас әншілердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды. «Мектепке жол» республикалық акция кезінде жағдайы төмен отбасынан шыққан 8 оқушы 150000 теңге көлемінде ауыл мешіті, жеке кәсіпкерлер Тлеужанов Б. Қазанатов К. Бошқаев Ө. Және мұғалімдердің демеушілігімен мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етілгені туралы айтты.

 

 

Шешімі:

 

 

1. Сабақ кестесі бекітілсін.

2.Мектепішілік аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар ыстық тамақпен қамтылсын және үнемі бақылауға алынсын.

3. Мектепке жол акциясы жалғасын тапсын.

 

Кеңес төрайымы:                     Қ.Бойдақова

Хатшы:                                      Д. Батырбекова

Кеңес мүшесі                             Н. Ағыбаев

Кеңес мүшесі                             Ө. Бошқаев

Кеңес мүшесі                             К. Қазанатов

Кеңес мүшесі                             Р. Итекеев

Кеңес мүшесі                             Э. Жумалиев

Кеңес мүшесі                             С. Битабарова

Кеңес мүшесі                             Л. Бөрібаева

Кеңес мүшесі                             Е. Есеналиев