Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары №2 » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары №2
22
февраль
2019

Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары №2

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектебі» КММ – де өткізілген жалпы ата – аналар жиналысының

№  2 ХАТТАМАСЫ

 

Оразалы батыр ауылы           15 мамыр 2018 ж.

 

Барлығы қатысуға тиісі:  60                                                 

Барлығы қатысқаны: 57

 

Күн тәртібінде:

1.«Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері:

2.Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізгі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру:

3.11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары:

4.Оқу процесін цифрландыру. Мектеп оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

5.Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту:

Тыңдалды: мектеп директоры: Қ.Тасибеков – жиналған ата-аналарға 2017 жылдың 25 тамызында өткен облыстық білім саласықызметкерлерінің тамыз конференциясында өңірдегі мектеп жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында директорлардың ата-аналар алдында 2 рет есеп беретіндігі туралы тапсырма берілген, бүгінгі кезекті жалпы ата-аналар жиналысының негізгі мақсаты осы 2017-2018 оқу жылының жылдық қорытындысын ата-аналар алдында есеп беру аясында өтетіндігі айтылып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер мен баяндамашылармен таныстырды. К.Қазанатов өз сөзінде ата-аналарға бүгінгі жиналыстың мақсатына қарай, қоғамда дұрыс пікір қалыптастыру жөнінде кеңес айта отырды және қаралатын мәселелер бойынша қысқаша түсініктеме беріп, сөз кезегін алды.

1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры: Қ.Тасибеков сөз кезегін алды мектепте жоспарға сәйкес ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын түрлі іс-шараларды атап өтті, сонымен қатар демеушілік және қайырымдылық туралы жалпы ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізе отыра, 2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға бюджет, демеушілік тарапынан көрсетілген көмектер туралы баяндап берді.

Сөйледі:

2. Екінші мәселе бойынша Көшімбаева Ә.Б. – ата-аналар қауымына жиналыстың мазмұнын түсіндіріп, жалпы ұлттық ата-ана жиналысы

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналып отыр. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады.

Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының  арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады.Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерлеу өлшемі.

Бүгінгі Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде. «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» Мектеп қабырғасында жалпы рухани тәрбиені күшейту бағытында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың барысында ұрпақтар сұхбаты мен сабақтастығының жалғасын табуына баса назар аударылу қажет. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, мектепте жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру бағытында атқарылған іс-шараларды бейне ролик және слайд арқылы таныстырылды. Қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын (бәсекеге қабілеттілік: прагматизм: ұлттық сәйкестікті сақтау: білім беру ғұрпы: революциялық емес, Қазақстанның эвалюциялық дамуы: сананың ашықтығы) наихаттау мақсатында ата-аналарды «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы туралы хабардар етіледі.

3. Үшінші мәселе бойынша Қазанатов Е.Т. – ата-аналар қауымын

2017 жылынан бастап білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңартылған форматымен жүргізілгенін айтып таныстырды. Жаңа форматтағы сынақтардың өткен жылдармен айырмашылықтарын атап, биылғы жылы мектеп бітіруші, барлығы 16 түлектің де мектеп қабырғасында мемлекеттік емтихан тапсыратындығы және ҰБТ тапсыруға ниет білдірген 11 оқушы ҰБТ сынағынан өтетіні туралы түсінік беріп өтті. Барлық ақпаратты презентациялап, сөз соңында ата-аналарды болашақта білімді азамат тәрбиелеуге шақырып, сондай-ақ, бұл бағытта мектепте әкімшілік және мұғалімдер мен жауапты қызметкерлер тарапынан бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын атады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылығы 27 шілдедегі Заңы 5-бабының 14 тармақшасына қарамастан, білім беру ұйымдарында

2017-2018 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау мақсатында оқу жылын аяқтаудың белгіленген мерзімдерімен таныстырылды. Аталған тақырып бойынша бейне роликтер көрсетілді. Ата-аналарға өз үлестерін аянбай қосуға шақырды.

4. Төртінші мәселе бойынша мектеп директоры: Қ.Тасибеков-жиналған ата-аналарға оқу процесін цифрландыру бойынша, оқу-тәрбиелік процесті цифрландыру, оқушылардың күнделікті білімі электрондық күнделік жүйесі арқылы бағаланады. Балаларыңыздың күнделікті бағасын электрондық күнделік яғни ұялы телефон арқылы біліп отыруларыңызға болады.

Мектепте оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мектепішілік Ай –бота шағын лагері жұмыс істейді. Балалар демеушілікпен тамақтанады. Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар аудандық 3 оқушы және облыстыққа

5 оқушы және 2 үздік оқушы жіберіледі.

5. Бесінші мәселе бойынша Көшімбаева Ә.Б. – ата-аналар қауымына Отбасылық дәстүрлердің қайта өркендеуі – жалпы ұлттық идея. Отбасы – баланың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің алғашқы институты, оның үлкен ересек әлеміне кіруі бойынша алғашқы қадамы. Бүгінгі таңда оң отбасылық дәстүрлерді қайта өркендету, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен алмасу ҚР тәрбие жүйесінің маңызды міндет болып табылатыны туралы түсіндірілді. «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы

27 шілдедегі №355 бұйрығының жаңа редациясымен таныстырылды. ҚР БҒМ 2018 жылғы 8 ақпандағы №43 бұйрығымен таныстырып толықтырулар енгізілгені туралы мәлімдеді. Ата-аналарға 2017-2018 оқу жылындағы мектептің Қамқоршылық кеңесінің қызметімен таныстырылып, аталған тақырып бойынша бейне роликтер көрсетіліп, мектептің қамқоршылық кеңесінің өкіліне сөз берілді.

 Күн тіртібіндегі мәселелер соңында ата-аналар тарапынан ата-аналар комитетінің төрайымы Бойдақова Қарлығаш Асылханқызы өз сөзінде Мектеп директорының бірінші жарты жылдық есебіне байланысты және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өз пікірін білдіріп, үнемі Елбасының саясатын қолдап, білім беру саласындағы бастама алған мына реформалардың оң нәтиже беретініне сенім білдіретінін, бүгінгі жиналыста қозғалған мәселелер мен берілген ақпараттардың барлығы бала тәрбиесіне байланысты екенін айтып, баршаны дұрыс түсініп, қабылдауға шақырды.

 Шешімі:

 

1. Ата-аналар тарапынан күн тәртібіндегі қаралған мәселелер назарға алынып, ата-аналар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілсін.

2. Ата-аналар балалардың тәрбиесі мен білімін жетілдіру мақсатында мектеппен қауымдастық орнатсын.

 

Кеңес төрайымы:                    Қ.Бойдақова

Хатшы:                                      Д. Батырбекова

Кеңес мүшесі                            Н. Ағыбаев

Кеңес мүшесі                            Ө. Бошқаев

Кеңес мүшесі                            К. Қазанатов

Кеңес мүшесі                            Р. Итекеев

Кеңес мүшесі                             Э. Жумалиев

Кеңес мүшесі                             С. Битабарова

Кеңес мүшесі                             Л. Бөрібаева

Кеңес мүшесі                            Е. Есеналиев