ДТЖО » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2019

ДТЖО

 

 

 

ӨМІРБАЯН

 

Көшімбаева Әлия Байбатырқызы 10 тамыз 1966 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылында  дүниеге келдім.     

Білімі жоғары, «Абай атындағы  Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 32 жыл. Аға пионер – вожатый, бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.

Адал еңбегін елеп  Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінен жыл сайын марапатталып отырады. «Жас ұрпаққа рухани – адамгершілік тәрбие білім берудегі шығармашылық табыстары мен белсенділігі үшін» марапаттау алса, «НұрОтан» Халықтық Демократиялық партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға атсалысып, қоғамдық - саяси өміріне белсене қатысқаны үшін құрмет грамотасымен, 2014 жылы облыстық «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық қызмет: мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы  ғылыми – практикалық конференцияда жасаған мазмұнды баяндамасы үшін  алғыс хатпен, 2015 жылы «Қазақстандық патриотизм – «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы» атты ұстаздар мен оқушылардың Республикалық семинарына қатысып, І дәрежелі дипломмен  марапатталдым.

Қазақстан Республикасының Президент Жарлығымен бекітілген «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасы аясында  өткізілген іс – шараларға белсене атсалысқаны үшін ОСӨСҚО Шу аудандық  филиалының  жетекшісі Е.А.Оспанова және аудан әкімдігі  ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ директорының және аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысының дипломымен, «Қазақстан патриотизм – «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы» атты семинарда «Мәңгілік Елдің белгісі – рухи биік ел болу» атты жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

2014 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел ұлттық идеясы – қазақ мектебін дамыту стратегиясы» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына жоғары деңгейлі және мазмұнды  ғылыми мақала ұсынғаны үшін  сертификатқа ие  болды, 2014 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті  «Қазақ мектебінің даму мәселелері» ғылыми зертханасында дайындалған жинаққа «Естен кетпес отты жылдар» атты сыныптан тыс жұмысым жарияланды.

2014 жылы еңбекке баулу пәнінен «Қазақтың ұлттық қолөнері» тақырыбында таңдау курсы бойынша авторлық бағдарлама жасады. Жамбыл облысы білім басқармасының «Қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы отбасылық әдет – ғұрыптар және салт - дәстүрлер», «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық қызмет: мәселелері мен перспективалары» атты облыстық семинар – практикумда мазмұнды баяндама жасағандығы үшін Алғыс хаттармен марапатталдым.